Әр шаңырақта әкенің алар орны ерекше. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әке тәрбиесін, әкенің орнын ешкім де баса алмасы анық.
Мақсаты:
Әке мен қыз арасындағы жылылық пен қарым-қатынасын нығайту.
Қыз тәрбиесінде әке басты кейіпкер екендігін түсіндіру.
Іс-шара төмендегідей бөлімнен тұрды:
- "Қас қағым" айдары
Бұл бөлімде әкелерге қыздарына байланысты сұрақтар қойылды.
- Әкемнің алақаны
Қыздардың көзін байлап, әкелердің ішінен өз әкесінің алақанын табу
- Алғыс айту- Қыздарымыз өз әкелеріне видео арқылы рақметін айтып, жақсы көретінін жеткізді
- Ашық хат- Шара барысында әке мен қыздар бір-біріне рақметін айтып, өзара хат алмасты.
Әке мен қыз арасындағы жылылық артып, қыз бала тәрбиесінде әке маңызды роль атқаратындығын сезіндіре отырып, шара жақсы көңіл-күйде аяқталды.



