Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
(Әбу Насыр Әл-Фараби)
Достық - дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Арнайы мамандардың ұйымдастыруымен Мектебіміздің «Жас ұлан» оқушылары мен Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларын біріктіріп «Достық қымбат өмірде» атты түрлі бағытта дамытуға арналған ойындар өткізілді.
Мақсаты: Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымының маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.



