oC

        Мамандық таңдаудағы ата — ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету. Жалпы адамның өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де дәл солай риза болады екен. Кәсіп таңдау бір жағынан — болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол — өзінің ішкі жан — дүниесіне үңілу. Ата — аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.

        Осы орайда 9 сынып оқушыларымен әр түрлі маман ата-аналардың арасында кездесу өткізілді. Шара барысында ата-аналар өз мамандықтарының қыр-сыры, мамандық таңдауда нені назарға алу керектігі жайлы ой бөлісті. Әр ата-ана өз мамандықтарын таныстырып өтті. Оқушылар түрлі мамандықтарды біліп, көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Бұл білім алушылардың болашағына бағыт-бағдар беруде аса маңызды шара болды деп есептейміз.