oC

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз.

Осы тұста, «Пед-дизайн» мектебінің «педstart кәсіби бағдар» жобасының аясында мектебіміздің талапты да талантты оқушысы Мирамбекқызы Айдана өзінің анасына еліктеп бала жүрегінің бағбаны, бала тәрбиешісі болуды армандайды. Ол өз жүрегінің қалауымен педагог мамандығын игеруге ниеттеніп отыр. Айдана анасының жұмыс орнына барып, балабақшада болып анасының бір күндік өміріне қанық болды. Тәтті бүлдіршіндермен түрлі ойындар ойнап, олардың қызықты сұрақтарына жауап беріп, керемет көңіл күй сыйлады.