Мектептегі үзіліс уақыты оқушыларға сабақ арасында демалып, тынығуы үшін қажет. Мектебіміздегі «Жас ұлан» ұйымы оқушылар үшін «Көңілді үзіліс» рубрикасын ұйымдастырды.
Көңілді үзіліс - оқушылардың миын тынықтыруға және үзіліс уақытын көңілді өткізуге арналған тамаша рубрика. Бүгінгі «КІМ ЖЫЛДАМ?» ойыны оқушылардың шапшаңдылығын сынауға, сондай-ақ дене қозғалыстары арқылы бойын, ойын сергітуге және оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты орнатуға көмектесті. Яғни үзіліс уақыты ойдағыдай көңілді өтті.



