"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітап құмар оқушылар оқыған кітаптарымен бөлісіп, қызықты сәттері мен ондағы кейіпкерлері жайлы талқылап, түйген ойларын пайымдап түрлі форматта Жулдызай Музарапшинаның жетекшілігімен "Кел, оқиық!" айдарын үш жылдан бері жүргізіп келеді.
Бүгін барлық оқушыларды кітап оқуға шақыра отырып "Кел, оқиық!" кітап сүйер достар әнін жолдайды.
Оқуға құштар жас достар, қатарларыңыз көбейіп, бұл туындыларыңыз әнұрандарыңызға айналсын!



