Жас ұстаздарының кезекті шарасы ұжымдағы мұғалімдердің денсаулықтарын жақсартуға, көңіл күйлерін көтеруге, өз ара ұйымшылдық пен бірлестікті нығайтуға мақсатталған эстафеталық сайыспен жалғасты.
Мұғалімдердің өзара достықпен сыйластығына негізделген бұл сайысқа ұстаздарымыз белсене қатысты. Эстафеталық ойынға мектебіміздің жас мұғалімдері қатысып, тәжірибелі әріптестер төрелік етіп, тартысты эстафеталық ойынның қызықты өтуіне барлығы өз үлестерін қосты. Сайыс қорытындысы нәтижесінде жеңіпмаз топтар мен үздік ойыншыларға арнайы сыйлықтар табысталды.



