Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
2023 жылдың 16-20 қазан аралығы тарих апталығының жоспарына сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік архивімен бірлескен түрде 25 қазан – Республика күніне орай «Мерейі үстем, туы биік Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, жас ұрпақты Отанымыздың патриоты болуға, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кездесу қонақтары
«Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», , Қызылорда қаласының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ермағанбетова Күләй Сағындыққызы,
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қызылорда облысының Құрметті азаматы Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы,
«Әлімсақ» журналы мен республикалық қоғамдық-әлеуметтік «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрмахан Нұрлан Көбегенұлы
Жас ақын, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, Мақсат Дауылбай және архив қызметкерлері мен мектебіміздің ұстаздары, оқушылары қатысты.
Шара «Қызылорда облысына -85 жыл» атты көрмені таныстырудан басталды. Жиынды метеп директоры тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Мұсабаева сөз алып, Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын халқымыздың ұлық мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпақ бойына сіңіру керектігін атап өтті.
Шара барысында қонақтардың мағыналы, өнегелі сөздерін тыңдай отырып, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Мектеп оқушылары да патриоттық рухты әндер айтып, өлеңдер оқылды, шара соңында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасына сұхбат берілді.
{gallery}9-131/zhaniliktaroff/9{/gallery}



