2023 жылдың 13 қазанында математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің «МИФ әлеміндегі инновациялық foresight» атты апталығының жабылуына орай, «Цифрлы технология-болашаққа батыл қадам» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты: жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Майгелдиева Шарбан Мусабековна мен педагогика және психология магистрі Ахметова Аян сөз алып педагогикалық дизайнның тың деректерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қажетті материалдарымен бөлісті.
Апталығымыздың ашылуынан бастап, әрбір сабағымыз, іш-шарамыз қызықтыда тартымды, жан-жақты қамтылды. Олардың барлығы күнделікті дерлік фейсбук парақшасында жарияланып отырды.Апталығымыз өз мәресіне жетті.
{gallery}--/--/21{/gallery}



