Қыз тәрбиесіне жалпы қатал болуымыз керек. Өйткені болашақ ана атағына ие қыздар тәрбиесі нәзіктікпен қоса қаталдықты талап ететін өзекті мәселе. Ата-бабамыз қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дұрыс жағдайда тәрбие алып, болашақта ата-анасының бетіне салық түсірмеуін қадағалаған.
Қоғамдағы түрлі қайшылықтарды, атап айтқанда ерте жүктілік, уытқұмарлық және интернет тәуелділік, құқықбұзушылықты болашақта жасөспірім қыздарымыз қайталамасын деген мақсатпен қыз балалармен тәрбие мен тәлімге толы алаңда әңгіме өрбіді. Арнайы шақырылған қонақ «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологі Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы және әжелер, аналар мектебі, "Қыз - ұлттың бойтұмары" қыздар кеңесінің жетекшілері қыз балаларға ақыл-кеңестерін айта отырып тәрбиелік шараның маңыздылығын арттырды.
{gallery}--/--/7{/gallery}



