Мұғалім мамандығы даналық жан жастығын, көркем мінез бен сананы, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен парасаттылықты біріктіреді! Ұстаздың еңбегін бағалау өте қиын, ол бағасы жоқ теңдесіз дүние!
Мереке қарсаңында мектеп ұстаздарына мерекелік кеш ұйымдастырылып, шәкірттер көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұстаздарына ыстық лебіздерін, шынайы алғыстарын білдірген оқушылар әр ұстаз шәкірт жүрегінде қалатынын дәлелдеді.
Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді.
{gallery}--/--/5{/gallery}



