Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде “5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі” күніне орай 5-сынып оқушылары арасында “Жүзден жүйрік” интеллектуалды сайысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау. Оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру. Оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін-өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Аталмыш сайысқа 10 оқушы қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті.
Бірінші кезең “Ойлан тап”
Екінші кезең “Портреттер сөйлейді”
Үшінші кезең “Ұшқыр ой”
Төртінші кезең “Ойлы болсаң, тауып көр”
Оқушылар сыни ойлап, шығармашылықтарын шыңдай түсті.
Сонымен қатар, мектебімізде мерекеге орай 8 сынып оқушылары арасында "Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Оқушылар эссе жазу арқылы ойын анық жеткізуге дағдыланады. Мұндай шаралар білім алушыларды отансүйгіштікке, адалдыққа, елін сүюге тәрбиелейтіні анық.
{gallery}--0/8{/gallery}



