29 тамыз күні Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті. Педагогикалық кеңес барысында мектеп директоры Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы сөз алып, педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерін таныстырып өтті.
Күн тəртібінде:
2022-2023 оқу жылындағы мектеп жұмысына сараптама. 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде басталуы туралы бұйрықпен және ӘНХ таныстыру, мектептің жұмыс жоспарын қарастырып, бекіту.
Жауапты: Г.Ахметова
Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру (сынып комплектісін, мұғалімдер жүктемесін, пән бірлестіктерінің жетекшілерін, сынып жетекшілерін, сынып бөлмелерін бекіту, ішкі тәртіпті орнату).
Жауапты: М.Токтамуратова, А.Оспанова
2022-2023 оқу жылының ҰБТ қорытындысымен таныстыру. Үйден оқытылатын оқушылар тізімін бекіту.
Жауапты: М.Токтамуратова
Қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру. Құқық бұзушылықтың алдын алу. Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жолдарымен таныстыру.
Жауапты: А.Оспанова
Алдымен мектеп директоры Айгүл Нажмадинқызы сөз алып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, осы оқу жылының ерекшеліктерімен таныстырып өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Ахметова 2022-2023 оқу жылындағы мектеп жұмысын сараптай келе, жаңа оқу жылына арналған ӘНХ- пен таныстырды.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасыры Манат Токтамуратова жаңа оқу жылына арналған жоспарлармен бөлісіп, пән бірлестік жетекшілерінің тағайындалу, сабақ кестесінің бекітілуін таныстырды . Сондай-ақ, 11 сынып оқушыларының ҰБТ қорытындысын арнайы сараптап, грант иегерлерін атап өтті.
Алдағы оқу жылындағы үйден оқытылатын ЕББҚ оқушылардың сапалы білім алу үшін барынша жағдай жасалып отырғаны айтылды.
Мектептің қоғамдық ұйымдармен жүргізілген шаралардың бірқатарымен директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтолқын Оспанова таныстырды.
Педкеңес соңында мектеп директоры сөз алып, мектеп ұжымына сəттілік тіледі.
{gallery}--0/2{/gallery}



