«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында мектебіміздің 50 оқушысына көмек көрсетілді. Оның ішінде 38 оқушыға оқу құралдары мен оқу портфельі, 6 оқушыға мектеп формасы, 6 оқушымызға ақшалай сыйақы табысталды. Шарамызға “AMANAT” партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мусаева Гулшат Исақызы арнайы келіп қатысып, демеушілік білдірді.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқан демеушілерімізге зор ризашылығымызды білдіреміз!
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылайық!
{gallery}-1nur/2{/gallery}



