«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жаксылык жасап жарысайық» атты айдармен өткізілуде.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Басаров Әліби Төлепбергенұлы басқарып отырған «Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы мектебіміздегі аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында 10 оқушымызға оқу құралымен толық жабдықталған мектеп сумкасын табыстады. Жақсылық жасап өз үлестерін қосып жүрген ел жастарына мектеп әкімшілігі және мектеп басшысы алғыстарын білдіреді.
{gallery}-1nur/1{/gallery}



