Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетінің сарбаз-сардары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Сұлтан Қалиұлының 80 жылдығына орай «Өлең өлкесінің дарабоз дарыны» атты шара өтті. Шараға мектебіміздің 3"Ә" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Әбілқасымова Тамаша) қатысты.
Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар бұлағы. Баланың білімі оқып-зерделеген түсінігі, әдебиет арқылы қалыптасады. Бұл салада қалам ұстаған әр жанның жауапкершілігі үлкен. Бұл ретте балалар әдебиетінің қаймағын шығарған, үлкен ізденіспен қабырғасын қалаған Сұлтан Қалиевтің орны ерекше. Шара барысында барысында 3"Ә" сынып окушылары ақынның шығармаларынан өлеңдерін жатқа оқып, жұмбақтар шешіп, жарысып жаңылтпаштар айтты. Шара соңында ақынның шығармаларына арналған кітап көрмесіне әдеби шолу өтті.
{gallery}1000-7/3{/gallery}



