oC

Балалық шақ – адам өміріндегі ең ғажап уақыт. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. Осынау балалық бал шақтағы қызықты күндер болашақта тәтті естеліктер ретінде сақталады. Осындай ерекше күннің бірінде мектеп оқушылары батпырауық ұшырып, көңілді сәттерді өткерді