1 маусым – Қазақстандағы балалар үшін ерекше күн. Бұл мереке ұзақ тарихы бар және Қазақстан балалары үшін жылдың ең сүйікті және күтілетін күндерінің бірі болып табылады. Күллі әлем балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл бізге ел болашағы – өскелең ұрпақ қолында екенін тағы бір мәрте еске салады және біз олардың амандығы мен бақытын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Осы орайда ерекше білім беруді қажет ететін балаларымыз құрметіне «Тең қоғам» ұйымымен бірлесе отырып «Біз біргеміз» атты концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - өзін жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар балалардың өнерге деген қызығушылығын дамыту, бір- бірін сыйлауға, өзін кез келген ортада жайлы сезінуге жағдай жасау. Балалар іс-шара барысында ертегі әлеміне саяхаттап, ертегі кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.



