Бірлігіміз жарасқан
1996 жылдан бастап Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақпен бірлік күнін тойлап келеді. Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етеді. Олар бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп келеді. Әр ұлт өкілдері өздерінің тілі, дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімі, ұлттық тағамдарымен ерекшеленеді. Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігіміз нығая түсіп, елімізде ұлтаралық татулық әрдайым берік болып достық, бірлік мәңгі жасай беруіне оқушыларымыз да тілекші.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
{gallery}/-85{/gallery}



