ҚҰҚЫҚТЫҚ_САҒАТ
АДАМ САУДАСЫНА ЖОЛ ЖОҚ
Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру. Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу ақсатында "Құқық сағаты" өткізілді.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында.
Оқушылармен өткен ашық алаңда мектеп ата-анасы, заңгер Қайырбекова Балжан Қожабекқызы "Адам саудасына жол жоқ", полиция капитаны Сатанов Ербол Келербекович "Баланың еңбек бостандығы" тақырыбында ой бөлісті.
{gallery}/IT3/4{/gallery}



