oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/IT3/3
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//IT3/3

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.

Жасөспірімдердің бойында өз Отанына деген адалдық сезімдерін, жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, Отан мүдделерін қорғауда, конституциялық міндеттерін және азаматтық борышын орындауда жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу мақсатында 10 сынып оқушылары арасында «Отан қорғау-қасиетті борыш» әскери спорттық сайысы өткізілді.

Сайыс төмендегідей кезеңдерді қамтыды:

  1. Сапта әнмен өту (толық сынып қатысуы тиіс)
  2. Калашников автоматын шашып жинау (1ұл, 1 қыз)
  3. Әскери медициналық көмек көрсету дайындығы(2 қыз,1 ұл)

4.Әскери спорттық эстафета ( 3 ұл)

Сайыс қорытындысымен үздік сыныптар мен жекелеген оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

{gallery}/IT3/3{/gallery}