oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/7410/34
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//7410/34

12 сәуір - Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке 2011 жылы 22 қазанда бекітіліп, алғаш рет 2012 жылы аталып өтті. Осыған орай айта кетейік, оқушыларға білім, тәрбие берумен қатар ғылымға бағыттау, үйрету мақсатында мектебімізде Облыстық білім басқармасы басшысының қатысуымен «Scince factory» ғылыми зерттеу орталығы ашылған болатын. Орталықтың тұжырымдамасы бекітіліп, жүйелі жұмыстар да жүргізіп келеді. Бүгін айтулы күнге орай ғалым ата - аналар мен арнайы қонақтардың қатысуымен "Білім. Ғылым. Ата - ана" тақырыбында ғалым ата - аналар шебер сыныбы және  конференция өтті.

Алғашқы бөлімде ата-аналар мен мектеп еріктілері эко марафон өткізіп, мектеп айналасын жасыл таза аймаққа айналдыру мақсатында көшеттер отырғызды.

«Метеорология» тәжірибелік-зерттеу алаңында 10 - сынып оқушысы Қадырбай Аружан  зерттеу жұмысымен, «Green study» жылыжай ғылыми - зерттеу орталығында таныстырылым көрсетті.

Іс - шараның негізгі бөлімінде ғалым ата - аналарлар мен мектеп ұстаздары бірлескен шебер сыныптар өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 - сынып оқушыларына Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» тақырыбында «Болашақ» университетінің аға-оқытушысы, ф.ғ.к, «Әлімсақ» журналының редакторы Нұрлан Көбегенұлы шебер сынып көрсетті.

Химия пәні бойынша 8 - сынып оқушыларына "Тұздар". Тұздардың қасиеті және алынуы тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, экология және химия технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, х.ғ.к. Нурлыбек Ақарыстанұлы шебер сынып жүргізді.

Құқық негіздері пәні бойынша 10 - сынып оқушыларына "Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауының негіздері" тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Құқықтану» кафедрасының аға - оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Алия Қалжанқызы тәжірибесімен бөлісті.

Ғалым ата - аналар мектеп оқушыларымен сабақ өткізіп  білімге, ғылымға деген қызығушылықтарын тағы бір мәрте арттырғандай болды.

Екінші бөлім "Отбасы мектеп" штабының отырысына ұласып, ата - аналар конференциясы өтті. Конференцияда төмендегідей баяндамашылар өз тақырыптары шеңберінде ақпараттармен бөлісті.

Қызылорда ҚПБ ЖПҚ УПИ полиция подполковнигі Е.Қарақбаев - "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары"

Әжелер кеңесінің төрайымы Тамаша Әріпханқызы - "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт"

Ата - аналар комитетінің төрағасы Нурбек Көлбайұлы - "Балаларымызды бірге қорғайық!"

Әкелер мектебінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы - "Білімді бала - ел ертеңі"

Конференция соңында мектеп директоры, т.ғ.к. Айгуль Нажмадинқызы үш жыл көлемінде өткізіліп келе жатырған штаб жұмысының, жүйелі түрде болатын шаралардың пайдасы жөнінде айта келіп, болашағымыз балалардың қауіпсіздігін жұмыла атқару керектігін атады. Мектебіміздің белсенді ата - аналары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

{gallery}/7410/34{/gallery}