Абылай хан атындағы №140 орта мектептің әкімшілік құрамы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8 сәуірден бастап түнгі мезгілде ата-анасының қадағалануынсыз көшеде жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік іс - шаралар кестесін жасап, рейдтік шаралар жүргізуде. Кесте бойынша түнгі сағат 21:00 - 00:00 аралығында жұмысшы топ мүшелері көшелерді, кафе барларды, ойын клубтарын аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Түнгі рейдтік іс - шарада мөлтек аудан, қала орталығы бойынша ойын - сауық, кафе, дүкен және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп, ойын - сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және студент жастарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл - кеңестер айтылып жатыр.
Түнгі рейд жұмыстары кезінде мектепішілік "тәуекел" топта есепте тұрған оқушылардың отбасына барып, оқушылардың бос уақыты қадағаланып жатыр. Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталып жатқан жоқ және тәртіп бұзушылықтар орын алмады.
{gallery}/7410/32{/gallery}



