Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері арасында интеллектуалды ойын өткізілді. 4 топқа бөлінген мұғалімдер өзара ой жарыстырып, бәйнеге түсті. Негізгі шарт сұрақтарға жылдам, ұтымды және толық жауап беру. Білім мен тапқырлық жарысында түрлі бағыттағы сұрақтарға қатысушылар 1 минут ішінде жауаптарын ұсынып, тиісті ұпайларын алып отырды және ойында кино, музыка, блиц-сұрақтар және өзге де салаларға қатысты мұғалімдердің білімін жан - жақты сынайтын тапсырмалар болды.
Ойын соңында бастауыш сынып бірлестігі апталығының жабылу салтанаты өтті. Оқушылар өнерлерін көрсетіп, ән мен билерін ортаға салып, белсенді білім алушылар марапатталды.
{gallery}/7410/28{/gallery}



