Дебат деген не? Бұл сұраққа әр түрлі анықтама табуыңыз мүмкін. Бірақ не екенін соның бір бөлшегі болғаныңызда ғана түсінесіз.
Бүгін мектеп оқушыларына Облыстық "Ақиқат" пікірсайыс клубының төрағасы Орынбасар Айжан дебат ойындары жайлы түсіндіріп, онда пікір таластыра, сөз жарыстыра отырып тәртіп сақтауға, тәртіп пен тәрбиеге машықтануға болатынын түсіндірді.
Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортаңыз өзгереді, достарыңыз көбейеді. Сөйлеу мәдениетіңіз қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге дағдыланасыз. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Үнемі ізденісте боласыз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан, ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.
{gallery}/7410/11{/gallery}



