Халқымыздың әдет - ғұрпын сақтау, салт - дәстүрін қадірлеу мақсатында М.Ералиева атындағы мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қыз – еркем, өнерімен көркем» атты дәстүрлі қалалық байқауында мектебіміздің 8 сынып оқушысы Бүркітбай Асылай оза шығып, жүлделі І орынды иеленді.
3 кезеңнен құрылып, 18 қатысушы арасынан көпшілікті өз өнерімен тамсандырып, білімімен ерекшеленді. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтайтын байқауда жеңімпаз болған оқушымызды құттықтаймыз!
{gallery}/7410/4{/gallery}



