Мектебімізде 9 сынып оқушыларына арналған “Мамандықтар жәрмеңкесі” ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Мамандықтар жәрмеңкесі жасөпірімдерге еңбекке деген зерделі көзқарас қалыптастыруға да ықпалдасады. Сондықтан, шараға мектеп оқушыларының сұранысымен, өңіріміздегі іргелі оқу орындары (колледждер) шақырылды:
- С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі
- И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
- Қызылорда жоғары медициналық колледжі
- Болашақ жоғары колледжі
- Абылай хан атындағы жоғары колледжі
- ОRDA колледжі
{gallery}/7410/2{/gallery}



