Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп кітапханашылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында көктемгі демалыста "Әлем әдебиетін бірге оқимыз" тақырыбы бойынша оқушыларды Әлем классикасының шығармаларын оқуға шақырады.
Іс-шараның мақсаты: Көктемгі демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, оқуға ұсынылған әдеби шығарманы отбасы мүшелерімен, достарымен бірге оқып, талдап, жаңа білім алып, ізденіп үйренуге баулу және әлем әдебиетінің туындыларын әңгімелету.



