Мейірім мен шапағатты, достық пен махабатты әр адамның жүрегіне қасиетті қаламы арқылы қайта егетін қаламгерлер болады. Қазақ әдебиетіндегі саусақпен санарлық көзі тірі осындай суреткердің бірі – Дулат Исабеков.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ жазушыларының арасындағы шоқтығы биік тұлға Дулат Исабековтың "Қарғын" романы туралы ой тарқатпақпыз.



