oC

Халықаралық құстар күні 1906 жылы құстарды қорғау бойынша конвеция бекітілді.  Құстар –табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған.

Құстар күніне орай Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің 2”В” және 7 “Г” сынып оқушылары құстар жайлы мәліметпен бөлісіп, адамға ой саларлық видеоролик түсірді.  Табиғатты аялайық, Құстарды қорғайық!