Әйел - әлемдегі ізгіліктің қайнары, отбасының берекесі. Елді өсіретін, ұлтты сақтайтын, ол - Әйел, Ана. Шығыс халықтарында «Әйел - бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен, әлемді тербейді» деген сөз бар. Расында да, Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры.
Бүгін мектебімізде 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Айгүл Нажмадинқызына беріліп, көктемнің шуақты әрі мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Мерекелік шарада ұстаздар қауымы марапатталып, қадірлі қонақтарымыз ардагер ұстаздар ыстық, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мектеп оқушылары, парламент мүшелері әннен шашу шашып, бимен көркемдеп ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті.
{gallery}-/-51{/gallery}



