Наурыз – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен діліміздің өзегі.
Іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі Наурыз қарсаңында мектебізде салт пен дәстүр жаңғырып, өсімдік бүршік атып, айнала гүл көктемге оралаш шақта ерекше көңіл-күй орнады.
Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесін ата-бабаларымыз ертеден атап өткен және Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жеткен кезеңінің, жақсы жаңалықтар мен жаңа жылдың бастауы болып саналған.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
{gallery}-/-42{/gallery}



