oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-/-40
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-/-40

Мектебімізде ашылған "Ғылыми бағдар беру" шеберханасы өз нәтижесін беріп

келеді. Шеберхананың жүйелі жұмысының  негiзiнде, бағыт-бағдар беру мақсатында

"Жаратылыстану пәніндегі киберпедагогика әдіс-тәсілдері" атты КӨШПЕЛІ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ болып өтті.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында ұйымдастырылған

көшпелі тәжірибе алаңына университеттің проректоры Абдрашева Дана Мейрамқызы

қатысып, өз пікірімен бөлісті.

КӨШПЕЛІ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ:

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары жаратылыстану маңыздылығын атап өтіп, облыс мұғалімдеріне ғылыми әдістемелік бағыт бағдар берді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің химия ғылымдарының

кандидаты Г.Т. Балықбаева "Химиядағы аналитикалық әдістер" тақырыбында

 шебер сыныбын өтіп, химия пәніндегі қиын тақырыптарға тоқталды.

Педагогика ғылымдарының магистрі Г.Р.Унгарбаева "Биологиялық білім берудегі метапәндік нәтижелер" тақырыбында  киберпедагогика әдіс-тәсілдерін көрсетті.

География ғылымдарының кандидаты О.Т.Айдаров "Цифрлық бiлiм беру геосферасы" тақырыбындағы электронды цифрлы ресурстармен бөлісті.

Облыстық тәжірибе алаңында пән мұғалімдері университет зертханасында виртуалды лабораториялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ: БҮГІН.ЕРТЕҢ.БОЛАШАҚ...

Облыстағы 150-ден астам жаратылыстану пән мұғалімдерінің қатысуымен өткен тәжірибе алаңы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің зертханалық техникалық базасымен танысумен жалғасты.

Кулбарам Сәдуақасқызы атындағы ғылыми-әдістемелік орталығында

жаратылыстану пән мұғалімдеріне тәжірибе алаңы жұмыстары бойынша кері байланыс жасалды.

Облыстық тәжірибе алаңындағы ұсыныс-шешім

Алдағы уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында, іргелі оқу орнының профессорларының бастамасымен мектеп мұғалімдеріне арнайы біліктілік курстары ұйымдастырылатын болады.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ағылшын тілінде оқытылатын химия, биология пәндерінің мұғалімдері халықаралық деңгейдегі курстарда біліктілігін арттыра алады.

{gallery}-/-40{/gallery}