23.01-3.02.23 жылы аралығында өткізілген «Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты іс-шараның аясында 9-сынып оқушыларымен «Алаш деп ғұмыр кешкен ұлы тұлғалар» атты ақпараттық-танымдық сағат Қызылорда қалалық музейінде өткізілд.
Сабақтың мақсаты:
Халқымыздың тарихы ұшан-теңіз, сол тарихи оқиғалардың бірі Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихында маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасында маңызды орынға ие. Сондықтанда оқушыларға ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерін таныстырып және қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін қарастыру. Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасына талдау жасап, қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
Тарих пәні мұғалімі: Тоғызбаева Гүлжан
{gallery}-/-36{/gallery}



