Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Болашақта өрт сөндіруші мамандығын таңдасам деген оқушыларға бағыт бағдар беру мақсатта 8,11 сынып мектеп оқушылары қаламыздағы өрт сөндіру мекемесіне барып, өрт сөндіруші мамандардың жұмыстарымен толықтай танысты. Балалар өрт сөндіруші мамандарға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
{gallery}-/-31{/gallery}



