Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру, олардың өз - ара жағымды қарым - қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету және татулыққа, ауызбірлікке, достаққа тәрбиелеу мақсатында "Ынтымақтастық түбі - игілік" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде бірліктің, ынтымақтастықтың маңызы орасан зор. Қазақ өз тарихында бірліксіз тірлік қылғанда ғана қапыда қалып отырды. Ынтымақтастық адамдар арасындағы бірлікті, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын "бірлік болмай тірлік болмас", "бірлік түбі - береке", "алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп түйген.
{gallery}-/-28{/gallery}



