"Жаратылыстану ғылымы: Жаһандық жаңару" тақырыбындағы форсайт-сессия барысында химия пән мұғалімі Ботпанова Гүлсім шебер сынып көрсетті.
Мақсаты: Кибер білім беру және химия пәнін оқыту арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін және функционалдық сауаттылығын арттыру.
Кибер педагогика - педагогиканың жаңашыл инновациялық саласы десек, онда ол білім саласын цифрландыру болып табылады.
Smart learning - ақылды оқыту. Ақпараттық ресурсты немесе веб-сайтты кез-келген маңызды мазмұнмен толықтыру.
Шебер сынып қатысушыларына топтастырылған түрде әртүрлі тәсілдер қолданылды.
Аталған тақырыпты ашу мақсатында ұстаздарға кибер білім туралы
quizizz.com арқылы тест жұмысы беріліп, ақпараттандыру жүргізілді. Венн диаграммасы, ассоциация, фишбоун әдістері арқылы тақырыпты жан-жақты талдау жасалды.
Шебер сынып сәтті әрі ұтымды өткізілді. Мұндай шаралар ұстаздар мен оқушыларды жаңаша оқытуға қанаттандырады.
{gallery}-/-23{/gallery}



