Қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қоғамға теріс әрекеттердің алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ата-аналардың тәрбиесі және жағымсыз әрекеттер» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында полиция капитаны Сатанов Ербол Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талаптардың сақталуы бойынша кәмелетке толмаған баланың ойын-сауық орындарында заңды өкілінің қатысуымен болуы, ата-аналардың кішкентай балалармен бірге ересектерге арналған ойын-сауық орындарында болудың балалар денсаулығына зияндылығы, әкімшілік заңнама нормаларының сақталуы туралы профилактикалық дәрістер жүргізді. Жиналыс соңында полицияның жас көмекшілері мен қозғалыстың жас инспекторлары ата-аналарға үн парақтар таратты.
{gallery}-/-19{/gallery}



