oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-/-18
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-/-18

Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде 16 ақпан күні ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері мен ата-аналар, оқушылар қатысты.

Кун тәртібінде

1. 2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ-дегі елеулі өзгерістер мен дайындық;

2. Түлектерге кәсіби бағдар беру;

ҰБТ мектеп тулектері үшін маңызды сынақтардың бірі. Осы маңызды сынаққа оқушылардың дайындығын пысықтау мақсатында мектеп басшысы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мектеп бітіруші 44 оқушыны қабылдады. Оқушылардың дайындық дәптерлері мен сынама тест қорытындыларымен танысып шықты. Алдағы болатын айтулы сынаққа тынымсыз дайындық қажет екенін есертті.

Мектеп басшысы Айгуль Нажмадинқызы ата-аналар, пән мұғалімдерімен оқушылардың сынама тест көрсеткіштері туралы ашық әңгіме жүргізді. Бітіруші түлектердің алдағы сынға сақадай сай болуы үшін ата-аналарының қолдауы маңызды.

ҰБТ электронды форматқа көшірілгені белгілі. Осы орайда оқушылардың электронды форматта сынама тест тапсырып, қорытындысы шығарылып отырғандығы айтылды.

Гранттар сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға көптеп бөлінеді. Сұрақтар базасы тағы да жаңаратын болады. Тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын айтты.

Ата-аналар мектеп басшына сұрақ қойып, ашық пікір алмасты.

{gallery}-/-18{/gallery}