"Биология метатанымы-функционалдық сауаттылық" тақырыбында биология пән мұғалімі Омарова Меруерт Ермекқызы тәжірибе алмасу мақсатында сабақта қолданатын электронды сайттарды көрсетті. Яғни биология сабағын ағылшын тілінде өтудегі АКТ қолдану әдістерімен бөлісті.
Мақсаты: оқушылардың биология сабағын ағылшын тілінде оқудағы ең жеңіл әрі тез жолдарын үйрену және ақпараттық технологиялық сауаттылыктарын арттыру.
Биология сабағын ағылшын тілінде окытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
spinnerwheel.com-бұл веб-сайтта сыныпты топқа бөлуге және үй тапсырмасын сұрауға өте қолайлы сайт;
miro.com-арнайы топтық жұмыс тақтасы. Топтық жұмыстың уақытын үнемді пайдалануға және жұмыс қызықты өтуіне қолайлы тақта
merge.com-бұл веб-сайтта дайын qr кодты шығарып алып құрастырады және телефондарына арнайы приложение жүктеп, 3д модельдерді сканерлейді. Бұл модельді биология, география және химия пәндеріне қолданса болады. Модельдерді сабақта жұптық немесе топтық жұмыста қолданса өте қолайлы.
Ducksters.com-кез келген тақырыптың мәліметтерін осы сайттан табуға болады, соңында бекітуге дайын quiz алуға болады.
kvestodel.ru-сайтында сабакка түрлі ойын ұйымдастыруға болады;
Classroomscreen.com-бұл сайтта дайын тақта, таймер, слайдтар және баска да виджеттерді қоюға болады.
mocomi.com-бұл веб-сайтта сіз кез-келген тақырыптың мәліметтерін,видео сабақтарын және лабораториялық жұмыстарын жүктей аласыз. Бұл сайтта жас ерекшеліктерін ескеруге болады.
Осы сайттарды таныстырып болған соң, мұғалімдерге терминдерді жылдам жаттау мақсатында "ping pong" ойыны ойнатылды.
Және музыкалық "boom snap clap" сергіту жасалды. Мұғалімдер жақсы көңіл күйде болды
{gallery}-/-16{/gallery}



