"Ұстаз мәртебесі" газеті мектеп оқушыларының шығармашылығына әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Осы орайда Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің "Қауырсын қалам" мүшелері редакцияға барып, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
9-сынып оқушылары Камила Есет, Аружан Ахметова, Айназым Жұмаділ, Алина Қуантхан өз өлеңдерін оқып, Әділова Аруана ағылшын тіліндегі мақаласымен бөлісті. Ақын, газеттің жауапты хатшысы Айдар Сайлауов әр өлеңге жеке тоқталып, өлеңнің құрылысы мен мағынасына, ойы мен түйініне байланысты пікірін білдірді. Ақын өз өлеңін оқып беріп, оқушыларға жаңа серпін бергендей болды.
Қызықты сұрақ, шалқар шабыт, тартымды әзілмен өрбіген бұл кездесу оқушыларға ерекше әсер етті
{gallery}-/-15{/gallery}



