Жоғары білімді маман атағына ие болған түлектердің қай-қайсысы да жұмыс жасауға әзір, оқу орнында алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға асығуда. «Күн санап әлеуеті артып, экономикасы дамыған еліміздің қай саласына болмасын өз үлесімді қосып, мамандығыма сай қызмет атқару – басты мақсатым» дейді мектебіміздің түлегі Сәдуақас Нұрдәулет.
Мектебімізден түлеп ұшқан оқушымыз, Көкшетаудағы ТЖМ институтының ІІ курс студенті Сәдуақас Нұрдәулет мектеп түлектеріне грантқа түсу жолдарын және өз мамандығының қыр-сырымен бөлісіп, болашақ мамандығының қызығы мен қиындығын видеоролик арқылы көрсетті. Мектеп оқушыларының қызығушылығын оятты. Жас түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алып, грант иегері болуға тілектестік білдірді.
{gallery}-/-13{/gallery}



