Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруын шығармашылықпен жұмыс жасайтын мектеп театрын анықтау, қолдау және театр мүшелерінің шығармашылығын арттыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында өткен "Темірбек Жүргенов - тарихи тұлға, ұлт жанашыры" тақырыбындағы мектеп театрларының қалалық байқауында мектебіміздің жас актерлары ІІ орын иеленді.
Отыздан аса мектеп қатысқан байқауда Темірбек жүргеновтың өмірі, ұлтқа жанашырлығы, тарихи тұлғаның рухани мұрасы насихатталып, оқушылар тұлғаға деген сүйіспеншілікке тәрбиеленіп, ізгілікке, азаматтыққа бағдарланды.
Жас өрендерді жеңістерімен құттықтаймыз!!!




