oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-/-9
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-/-9

"Әлеуметтік орта: Жеке тұлға" әлеуметтік жәрмеңке аясында мектеп ұстаздары ерекше бақылауды қажет ететін оқушылармен ашық сабақ өткізді. Ерекше білім берудегі оқу мен оқытудың технологияларын көрсетуге бағытталған бұл сабақтар жаңа идеяларға толы болды.

Информатика пәні мұғалімі Байдарбесова Салтанат Бахытбекқызы "Компьютерлік жады" тақырыбында компьютердің сыртқы және ішкі жадының құрамдас бөліктерінің қызметі мен сыйымдылығын ажырата білуді үйретті.

Құрылғыларды ішкі және сыртқы жады қызметіне қарай топтастыру, құрылғылардың сыйымдылығына қарай сәйкестендіру тапсырмалары орындалды. Flippity платформасы арқылы жасырынған сөздерді табу және тест тапсырмалары алынды. Көз жаттығуы жасалып, сабақ соңында оқушыға сертификат берілді.

Караева Айнұр Алиакбарқызы "10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту" тақырыбында 1 сыныпқа математика сабағын өтті.

Мақсаты: 1-10 көлеміндегі сандарды санауға, тура және кері санауға үйрету. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмерін атау. ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сабақта "Жұмыртқа жинау", "Диірмен", "Шам жағу" әдістері қолданылды.

“Signs relating to travel” тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Несіпбаева Перизат Мүсілімқызы ерекше бақылауды қажет ететін 8”ә” сынып оқушысы Асылбайқызы Дильназға сабақ өткізді. Сабақ барысында “learningapps” платформасы, “шульте кестесі”, “нейрогимнастика”, ”мнемотехника” әдістері қолданылып, reading, speaking box-тарындағы тапсырмалар орындалды.

Түзету-дамыту бағыты бойынша мектеп дефектологы Сетжапбарова Қарлығаш «ЕББҚ бар балаларға түзету-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері» атты топтық жұмыс көрсетті.

Шебер сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер түрлері көрсетілді. Барлық көрсетілген әдістер ойын түрінде жалпы моториканы дамыта отырып, санау, (Нумиконмен азайту-қосу тәсілдерін), әріптерді тану, жылдам оқуға түрлі әдіс-тәсілдерді (түрлі ойын арқылы буындарға, сөздерге талдау, сөйлеу тілін дамытуға), түсті ажыратуға нейрожаттығулар арқылы ойын түрлері, "Танграмм" әдісін қолдану арқылы пішіндерден түрлі бейнелерді құрастырып арқылы көрсетіліп, мақсаттары таныстырылды.

ЕББҚ балаларды оқытуда ерекше әрі тиімді әдістерді қолдану табыстылығы көрініс тапты.

{gallery}-/-9{/gallery}