Асқар Алтай - (12.02.1963ж Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген) - қазақ жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Оның әр түрлі тақырыпта жазған әңгімелері оқырманның көңілінен шығып отырды. 60 жас мерей тойына орай Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің кітапханашылары және А.С. Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашыларының бірге ұйымдастыруымен мектебіміздің 8"В" сынып (сынып жетекшісі: Тұрғанбаева А) оқушыларының қатысуымен Асқар Алтайдың таңдамалы екі кітабының беташары өткізілді. Оқушылар жазушының өмірбаянымен, шығармалары мен танысты. Мектебіміздің оқушылары өздері оқыған 10"А" сынып оқушысы Базарханқызы Динара "Сарытау Серісі" әңгімесіне, 8"В" сынып оқушылары Жиенкулова Рукая "Казино" әңгімесіне, Бағдатқызы Жадыра "Стакан" әңгімесіне талдау жасады. "Екі таңдамалы кітабының беташары" жақсы деңгейде өтті.
{gallery}-80{/gallery}


