«Қауырсын қалам» айдарының жаңа түсірілім ерекше сипатта болды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті төрінде ақын, жырау Руслан Ахметовпен әдеби шығармашылыққа құмар балалардың кездесуі болып өтті. Сыр сүлейлерінің ізін жалғаған Руслан ағай оқушыларға ӨЛЕҢнің өміршеңдік қасиетін ұғындыруға тырысты. Жас ақындарға қалай ақын болғанын, шығармашылық адамның жолында қандай қиындықтар мен кедергілер туындауы мүмкін екенін айтты. Жас ақындар айдар жұмысы бойынша өз өлеңдерін оқып берді. Сыр өңірінің өлең атты сыр дариясымен сусындатты. Қасиеттің домбыраның үнін естіп, өлең тамашасына еліткен жас ақындар ерекше әсермен тарқасты.



