Мектебімізде 16 қаңтардан бастап ағылшын бірлестігінің апталығы басталды. Апталықтың ашылуы барысында мектебіміздегі театр жобасының негізінде “The fisherman and the fish “ ертегісін 6-сыныптар, “The turnip” ертегісін 7 cыныптар қойылым ретінде көрсетті. Сонымен қатар 5 сынып оқушылары “ In the world of poems” тақырыбында ағылшын тілінде шығармаларын оқыды.
“Еркін ойлар алаңы” пікірсайыс клубының қатысушыларымен ағылшын тілінде пікірсайыс өткізілді. “100 кітап” жобасы аясында 9 сынып оқушылары оқыған шығармаларына талдау жұмыстарын жүргізілді. “Who is the best” тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында танымдық ойындар өткізілді.
{gallery}/-76/1{/gallery}



