Әрбір азамат еліміздегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты болуға тиіс. Әр тұрғын кез келген тәртіпсіздіктің жолын кесуге міндетті. Ал қандай да бір құқық бұзушылық немесе ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайлар мен ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiруден басталады. Бүгін мектебімізде қоғамдық тәртiптi сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақстанда Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы Кунхожаев Самат Алашбайұлы, мектеп директоры Мұсабаева Айгүл Нажмадинқыззы, ювеналды полция инспекторлары Алдабергенов Жасұлан, Сатанов Ерболдың қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар екендігі, ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керектігі айтылды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, мектеп, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болары анық. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі белгілері болып табылады
{gallery}/-59{/gallery}



