oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-43/6
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-43/6

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау айрықша маңызды. Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстарға барынша күш салып, балаларға қолайлы жағдай жасау бағытында елімізде тиісті қадамдар жасалып келеді. Себебі білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек. Бұл ретте, мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен "Қамқор әпке, қамқор аға" жобасы аясында біршама жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мектебіміз бойынша ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар арасында "Жылы жүрек-ізгі тілек" тақырыбындағы мектепішілік "Шебер қолдар" сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың шығармалығын шыңдап, мүмкіндігін айқындау. Сайысқа ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар мен сыныптастарының бірлескен жұмыстары видеоролик, презентация арқылы таныстырылып, көрсетілді.

Сайыс өз мақсатына жетіп, білім алушыларымыз жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.

{gallery}-43/6{/gallery}