oC

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінің 5-сынып оқушылары арасында, ағылшын тілі пән мұғалімі Дандесова Мерекенің ұйымдастыруымен "Magic world of poetry" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да жігерлі, ізденімпаз, әр нәрсені үнемі білгісі келіп тұратын окушылар үшін, ағылшын ақындарының өлеңдерін оқудың маңыздылығы зор. Ағылшын тілінде көркем сөз оқыту арқылы оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту мақсатымыз.